Акмаль Бахтияров: Қазір Қазақстанға оралғым келмейді

Акмаль Бахтияров: Қазір Қазақстанға оралғым келмейді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» клубының түлегі, қазіргі таңда Армения біріншілігінде доп теуіп жүрген Акмаль Бахтияров Prosports.kz тілшісіне сұқбат берді.

Болашағынан үміт күттіретін 20 жастағы дарынды футболшы «Қайраттан» кетуі туралы, Армения футболы жайлы және болашақ командасы жайында айтып берді.

«Ресейлік «Сочи» командасына ауысатыным рас. Ауызша келісімге келдік, бірақ әлі келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Бір-екі мәселе бойынша келісіп алуымыз қажет. Мен үшін бұл - бір қадам алға жылжу. Өйткені ол жақта Арменияға қарағанда деңгейі жоғары».

«Қайраттан» кетер кезде бас директор үйіме келіп, ата-анаммен сөйлесті. Алайда олар менің кететінім туралы шешімді тым кеш түсінген еді».

«Жақын уақытта Қазақстанға оралғым келмейді. Мен бұл үшін шекара асқан жоқпын. Қазақстандық басқа командаға ауысу үшін «Қайратпен» келісімшартымды бұзу - ақымақтық болар еді».

«Менің командадан кететінім туралы ақпарат шыға салысымен айлығымды көтере бастады. Басында аз-аздан қосқан. Ал соңғы күні 8-9 есе көбейтті. Бірақ соңың өзінде менің жалақым сондай көп деп айта алмаймын. Тіпті, бутсыға әрең жететін. Келісімшартты бұзбай тұрып, клуб басшылығынан айлығымды көтеруді өтіндім. Алайда олар бұл жайлы ұмытып кетті»

«Қазақстанда тек қана Бірінші Лигада ойнап көрдім. Арменияның Премьер-Лигасы мен Қазақстанның Бірінші Лигасы - бір деңгейді. Алайда кейбір командалары жақсы өнер көрсетеді. Мысалы, «Пюник» Еуропа Лигасында «Тобылды» жеңіп кеткен болатын».

«Арцахта» айлығым - өте аз болатын. Ал «Сочиде» бірнеше есе көп болатыны анық».

«Қайраттан» кеткен сәтте өзге қазақстандық командалардан ұсыныстар болды. Бірақ дәл қай команда екенін айта алмаймын. «Қайратта» ойнап жүрген кезде-ақ басқа командалар маған қызыққан екен. Жүлдегер командалар мені өз сапында көргісі келген. Алайда «Қайрат» барлық ұсыныстардан бас тартқан. Мен, тіпті, бұл жайлы білмедім».

«Өзімді Мессимен салыстыра алмаймын. Бұл жер мен көктей. Мен қайда, Месси қайда».

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер