Головкин промоутері Том Леффлермен қатынасын үзуі мүмкін
Орта салмақты бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлермен қатынасын үзуі мүмкін.
Бұл туралы Los Angeles Times порталы хабарлады.
Алайда, Леффлердің өзі бұл сөзге қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.
– Боксшының аты боксшы, промоутердің жөні бір бөлек. Мен Головкин таңдау жасай алады деген сенімдемін, оның бұған құқығы бар, - деді GGG бапкері абель Санчес.
Головкин мен Леффлер 2011 жылдан бастап бірге жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда Головкин еркін агент.
Лос-Анджелесте Головкин промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing), DAZN өкілі Джон Скиппермен кездескен. Алайда, БАҚ өкілдерінің мәліметінше, кездесу Леффлерсіз өткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или