«Барселона» үнемі кешігіп жүретін ойыншысына айыппұл салды
«Барселона» клубы өзінің ойыншысы Усман Дембелеге кешіккені үшін 100 мың еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ftbl.ru порталына сілтеме жасап.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінін 6-шы туры аясында «Тоттенхэмге» (1:1) қарсы ойында кешігіп келген.
Форвард бұдан бұрын да «Эспаньолға» (4:0) қарсы ойынға арналған жаттығуға екі сағат кешігіп келген болатын.
Франциялық футболшыға көптеген ағылшын клубтары қызығушылық танытуда. Алайда, «Барселона» Дембеленің чемпиондар лигасын жеңуге көмектесетініне әбден сенімді. Қаншама тәртіп бұзса да, каталондық клубтың ойыншыны сату ойлары жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или