Қазақстандық боксшы WBC Intercontinental титулын иеленді

Қазақстандық боксшы WBC Intercontinental титулын иеленді

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан Техас штатының Остин қаласында кәсіпқой мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Ескендірдің қарсыласы америкалық Хорхе Рамос (6-0-1, 3 КО) болған. Жекпе-жек сегіз раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ескендір Харсан екінші жеңіл салмақ дәрежесінде «жастар» арасындағы WBC Intercontinental чемпиондық титулын жеңіп алды.

Бұл – Харсанның өз мансабынтағы екінші белбеуі. Ол 2017 жылдың қыркүйек айында WBB (Бүкіләлемдік боксты бақылау кеңесі) ұйымының белбеуін жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, 21 жастағы Ескендір Харсан 2017 жылы шілдеде кәсіпқой бокстағы дебютін өткізген. Ескендір бес рет рингте шығып, бәрінде де жеңіске жеткен болатын. Оның төреуі – нокаутпен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или