Мәнерлеп сырғанаушы мұзға баспен құлап, есінен танды. Видео
<span>Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Тимоти Ледук жұбы Эшли Кейнді Хорватияда өткен Golden Spin жарысы барысында мұзға құлатып алды. </span>
<span>Ледук Кейнді бір қолмен көтеріп, жерге түсіретін кезде ұстап қала алмай, құлатып алды. Ақыры ол мұзға басымен түсіп, біраз уақытқа есінен танды. Дегенмен қыз аяғынан тік тұрып, бағдарламаны аяқтады. </span>
<span>Өнер көрсетіп болғаннан кейін ол көрермендер алдына мойын фиксаторымен шықты. Кейн Twitter арқылы жағдайының жақсы екенін хабарлап, ауруханадан шыққанын және қалыпқа келу процестерін үйінде жалғастыратынын мәлімдеген.</span>
<span><iframe width="515" height="320" src="https://www.youtube.com/embed/UaJWkeG-DsE" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe></span>