«Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирінде екі қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті

«Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирінде екі қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті

Желтоқсанның 4-9 аралығында Хорватия астанасы Загребте мәнерлеп сырғанаудан «Golden Spin of Zagreb» халықаралық турнирі өтуде. Аталған сында екі қазақстандық спортшы жүлдеге ілікті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Атап айтар болсақ,<span> </span>Рахат Бралин<span> </span>жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды. Ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 153.66 ұпай жинады.

Бұл бәсекеде алтын медальді италиялық Габриель Франгипани иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 195.21. Күміс жүлде қытайлық Юдонг Ченнің (166.25) еншісінде. 

Жасөспірім қыздар арасындағы сында<span> </span>Алана Тоқтарова<span> </span>жүлделі үшінші орыннан көрінді. Бүгін Загреб айдынында ересектер арасындағы дода басталады. Қазақстан намысын Айза Имамбек, Никита Манько және спорттық жұп Жансая Адыханова мен Әбіш Байтқанов қорғайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или