QazSport шорт-тректен әлем кубогының кезеңін тікелей эфирде көрсетпейді
Бүгін Алматыдағы «Халық Арена» кешенінде шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды prosports.kz.
7-9 желтоқсан аралығында өтетін додаға әлемнің 18 мемлекетінен 150-ден аса спортшы қатыспақ. Олардың қатарында әлем және Олимпиада чемпиондары бар.
Қазақстан шорт-тректен мұндай ірі доданы тұңғыш рет қабылдағалы отыр.
Алайда бұл айтулы доданы отандық спорт арнасы QazSport тікелей эфирде көрсетпейді. Қазақстан шорт-трек федерациясының мілімдеуінше, Live қызметі Is.org сайтында қол жетімді болады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или