Алматыда шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтеді

Алматыда шорт-тректен әлем кубогының кезеңі өтеді

7-9 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы <span>Halyk Arena </span>спорт кешенінің мұзайдынында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «HUB» спорттық-ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Дүбірлі додада бақ сынау үшін Алматы төрінде 19 елден 151 спортшы келген.<span> 2018/2019 жылғы маусымда әлем кубогы 5 кезеңнен құралған: бірінші кезең Канаданың Калгари қаласында 2-4 қараша күндері өтті. Екінші кезең 9-11 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында болды. Енді, міне, спортшылар үшінші кезеңде бақ сынау үшін Алматыда жиналды. </span>

<span>Маусым соңында 5 кезеңнің қорытындысы бойынша әлем кубогының жекелей және командалық сындағы жеңімпаздары анықталды. </span>

Қазір командалар үшінші кезеңге қызу дайындық үстінде. ISU мамандары мен спортшылардың айтуынша, <span>Halyk Arena </span>спорт кешенінің мұзайдыны әлемдік талаптарға сай.

Айта кетейік, әлем кубогының үшінші кезеңінің ашылу салтанаты 8 желтоқсан күні Halyk Arena кешенінде өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или