«Қазақ жігіттеріне жасалған әділетсіздік»

«Қазақ жігіттеріне жасалған әділетсіздік»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің жүлделері жайлы пікірін білдірді.

4 желтоқсанда ҚР ҰОК 10 номинация бойынша лауреаттардың есімін атаған болатын. Оның нәтижесі Данияр Елеусіновке ұнамаған секілді. Ол бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Бұл жүлдедегі жалғыз ұнағаны – Жанардың өнері. Қалғанының бәрі біздің қазақ жігіттерге жасалған әділетсіздік болды», - деп жазды Данияр.

Оның бұл жазбасына аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов пікір қалдырып, оның сөзін қолдаған. Бірақ кейін Елеусінов әлеуметтік желідегі жазбасын өшіріп тастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или