Ломаченко – Педраза жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы көрсетеді
Желтоқсанның 8-і күні Нью-Йорктің «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтетін Василий Ломаченко мен Хосе Педраза арасындағы айқасты қазақстандық бокссүйер қауым да тікелей эфирден тамашалай алады. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы көрсетпек.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл салмақтағы қос үздік боксшы арасындағы айқаста WBA super және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Украиналық боксшы Дүниежүзілік бокс қауымдастығының белбеуін 12 мамырда венесуэлалық Хорхе Линарестен тартып алған. Ал пуэрто-риколық «Снайпер» WBO белбеуін 25 тамызда мексикалық Раймундо Бельтраннан шешіп алған.
Жалпы, Ломаченко кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп, соның 11-інде жеңіске жеткен. Тоғыз қарсыласын нокаутпен ұтқан. Орландо Салидодан ғана жеңілген. Педразаның еншісінде 26 төбелес бар. Соның 25-інде қарсыласын басым түсіп, 12 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Тек былтыр Джервонта Дэвистен ғана ұтылған. Сондықтан, бір емес, екі белбеу сарапқа салынатын алдағы айқас та өте қызықты, әрі тартысты өтуі тиіс.
Ал Қазақстанда бұл жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляция желтоқсанның 9-ы күні таңертең сағат 8:00-де басталады.