Қазақстандық нокаутердің Минскідегі жеңісі. Видео

Қазақстандық нокаутердің Минскідегі жеңісі. Видео

Қазақстандық Жан Кособуцкий 29 қарашада Минскіде өткен бокс кешінде кезекті сенімді жеңісіне қол жеткізді.

Кособуцкий бұл жекпе-жекте беларусьтік Александр Нехайчикпен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Нокаутқа дейін Жан қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді.

Осылайша, Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Оның жетеуі – нокаутпен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или