Қазақстандық боксшы Golden Boy Promotions атынан жұдырықтасуы мүмкін
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев Golden Boy Promotions атынан чемпиондық жекпе-жекке шығуы мүмкін.
Оның сөзінше, Eye of Tiger Managment промоутерлік компаниясы Golden Boy Promotions-пен АҚШ-та Жүкембаевтың чемпиондық жекпе-жегін өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізеті хабарланды. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Осыдан кейін Жүкембаев ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтаспақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или