«Канело»: Үш салмақ санатында әлем чемпионы атанғым келеді

«Канело»: Үш салмақ санатында әлем чемпионы атанғым келеді

Орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес үш салмақ санатында жеңімпаз атануды қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы мақсатына қол жеткізу үшін «Канело» екінші орта салмақта WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы Рокки Филдингпен жұдырықтасуға келіскен.

- Ол мықты боксшы. Бойы биік. Бұған қоса қолдары да ұзын. Сонымен қатар ол өзге салмақ санаттарында өнер көрсетіп, тәжірибе жинаған. Мен жекпе-жекте күтпеген нәтиже тіркелмеуі үшін барымды саламын. 

Ешқашан жеңіл жекпе-жек болмайды. Менің мықты боксшы екенім құпия емес. Мен де өте тәжірибелі боксшымын. Алайда осы жолы басқа салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионына қарсы жұдырықтасқалы отырғандықтан аздап қауіп те бар. Шынын айтқанда үлкен тәуекелге барып отырмын. Мен үш салмақ санатында әлем чемпионы атанған боксшылардың бірі болғым келеді. Тарихта атымды қалдырғым келеді. Сол үшін де осы жекпе-жекке келісім бердім, - деді Сауль Альварес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или