WBC боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыруды сұрады

WBC боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыруды сұрады

<span>Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Халықаралық олимпиада комитетіне боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру туралы өтініш айтты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті. </span>

<span> «Бокс 1904 жылдан бері Олимпиада бағдарламасына енген, төртжылдық додасының негізін қалаушы спорт түрлерінің бірі. Бокс әлемі ХОК пен АІВА арасындағы қарым-қатынас дұрысталып, бокстың Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі жойылады деген үмітте. Әуесқой бокс – жас спортшылардың үлкен спорттағы баспалдағы. Олимпиада ел атын асқақтатуды әрбір боксшы армандайды», – делінген WBC мәлімдемесінде.  </span>

<span>Қараша айының басында өткен конгресте АІВА президенті болып өзбекстандық Гафур Рахимов сайланды. АҚШ қаржы министрлігі Рахимовта санкция тізіміне қосқан соң, ХОК бокстың олимпиадалық мәртебесіне қауіп төнетінін ескерткен болатын.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или