Cұлтан Зәуірбек: Данияр бүгін екеуміз де жеңіске жетеміз деді

Cұлтан Зәуірбек: Данияр бүгін екеуміз де жеңіске жетеміз деді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Prosports.kz<span> тілшісіне берген сұқбатында соңғы жекпе-жегі мен болашақ жоспары туралы айтып берді.</span>

- Сұтан, жекпе-жек сіз ойлағандай өтті ме? 

- Жеңетініме күмәнім болған жоқ. Егер қарсыласыма келер болсақ, ол мен ойлағаннан төзімді болып шықты. Оны нокаутқа түсіремін деп жоспарлаған жоқ едім. Жаттықтырушыларым оның қорғанысы мығым екенін, барынша асықпай, әр қадамымды ойланып істеу керегін айтты. Алғашқы раундта оның жұдырықтасуы мәнерін зерттедім. Ал одан кейін шабуылдадым.

- Сол күні шаршы алаңға тағы бір қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов шықты. Оның жекпе-жегі ұнады ма?

- Даниярдың жұдырықтасқаны ұнады. Жанкүйерлер жекпе-жек аяқталған соң екеуміздің жұдырықтасу мәнеріміздің ұқсас екенін айтты.

- Жекпе-жек алдында Данияр кеңес берді ме?

- Иә. Тек жеңіске жетуіме және болашақта сәттілік жолдас болғай деп тілек білдірді. Бүгін екеуміз де жеңіске жетеміз деді.

- Үшінші жекпе-жегіңіз жоспарланды ма?

- Иә. Келесі кездесуім 4 желтоқсан күні Лондон қаласында өтеді. Қарсыласымның есімі әзірге белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или