Шотландиялық боксшы IBF белбеуін сатып, ұлына сыйлық алмақ

Шотландиялық боксшы IBF белбеуін сатып, ұлына сыйлық алмақ

Шотландиялық боксшы Ронни Кларк биыл ақпанда жеңіп алған IBF чемпиондық белбеуін сатылымға қойды.

33 жастағы боксшы сатылымнан түскен ақшаға ұлына Рождествоға сыйлық алмақ.

IBF белбеуі атақты E-bay сервисінде сатылымға қойылды. Лоттың бастапқы бағасы – 1 мың фунт стерлинг. Кларк белбеуді сатып алушыға өзі апалып, қолтаңба қоюға да дайын.

Спортшының айтуынша, қазір ол қиын кездерді бастан кешіруде. Кларктың соңғы үш жекпе-жегі қарсыластардың бас тартуына байланысты өтпей қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или