Джошуа алдағы жоспарымен бөлісті

Джошуа алдағы жоспарымен бөлісті

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа алдағы жекпе-жектері жайында сөз қозғады.

«Уайлдердің  Фьюриді жеңгенін қалаймын: егер ол өз титулын сақтап қалса, менің онымен кездесу мүмкіндігім артады.  Уайлдер екеуміздің жекпе-жегіміз ұзақ күттірмеу керек, өйткені екеуміз де чемпионбыз, жанкүйерлер асыға күтіп жүр. Екеумізге екі жекпе-жек керек болады, біреуі реванш ретінде. Бірінші кездесуіміз "Уэмблиде" өткенін қалаймын.  

Егер мен ауыр салмақта абсолютті чемпион атансам, келесі кездесуім Александр Усик болуы тиіс. Қос абсолютті чемпиондардың жолығуы — келешекке мұра". 

Уайлдер мен Фьюри кездесуі 1 желтоқсан күні Лос-Анжелесте өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или