Данияр Елеусінов: Сындарыңыз мені күшейте түседі

Данияр Елеусінов: Сындарыңыз мені күшейте түседі

Қазақстандық Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) Монте-Карлода өткен бокс кешінде кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне жеткен болатын.

Ол никарагуалық Маркос Мохиканы (16-2-2, 12 КО) нокаутқа түсірді. Елеусінов қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірген, ал үшінші раундты Мохиканы техникалық нокаутқа жіберді. 

Кездесуден кейін Данияр Instagram парақшасында жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Барлықтарыңызға раxмет! Қолдауларыңыз үшін! Сындарыңыз үшін раxмет. Мені ол тек әрі қарай күшейте түседі!» - деп жазды Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтады. Оның үшеуін нокаутпен тәмамдаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или