Сабыров пен Ахмедов қарсыластарын нокаутпен жеңді
Канаданың Квебек провинциясында өткен бокс кешінде әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық екі боксшы өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz.
Бір айта кетерлігі, біздің боксшылардың екеуінің де қарсыласы Мексика елінің спортшылары болды.
Супер орта салмақтағы Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) 36 жастағы аса тәжірибелі боксшы Рокки Монтойямен (32-2-0, 22 KO) жұдырықтасты. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта қазақстандықтық жеңісімен аяқталды.
Айта кетерлігі, Монтойя кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын 1997 жылы жасаған. Содан бері 32 мәрте жеңіске жетіп (22 нокаут), екі-ақ мәрте жеңілген. Бүгін үшінші жеңілісіне ұшырап отыр. 24 жастағы Сабыров кәсіпқой боксқа қарсыласынан тура он жыл кеш келген.
Ал бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) 27 жастағы Жозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 KO) кездесті. Жекпе-жек 6 раундқа жоспаранғанымен, екінші раундта ахметовтың жеңісімен аяқталды. Бұл 20 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі.