Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

Шаңғы спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер кеңесі Финляндияда өтетін әлем кубогінің бірінші кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Қазақстан атынан жалпы есебі 11 шаңғышы сынға түседі деп жазады Olympic.kz. 

Әлем кубогінде Қазақстан атынан Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Виталий Пухкало, Денис Волотка, Константин Борцов, Әсет Дүйсенов, Анна Шевченко, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Эльмира Мутагарова және Ксения Шалыгина қатысады.

Жылдағы дәстүр бойынша, Финлядияның солтүстік-шығысындағы Рука қаласында өтеді. 24-25 қараша күні атлеттер екі қашықтықта сынға түседі. 

«Қандай да бір болжам айту қиын. Біздің спортымызда жарыстың қандай сипат алатынын дөп басып айту мүмкін емес. Біз дайындықты жақсы өткіздік, сондықтан, спортшылар соңына дейін тырысады деп сенемін. Командадағы әрбір спортшы жүлделі орынға қол жеткізу үшін аянып қалмайды», - дейдә Виталий Пухкало. 

Бұл күндері ұлттық құрама команданың 14 мүшесі Финляндияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или