Жайна Шекербекова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Жайна Шекербекова – бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

<span>Жайна Шекербекова Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>

<span>Қазақстандық спортшы әлем біріншілігінің финалында Солтүстік Корея өкілі Пан Чхоль Миден ұтылып қалды. Есеп – 0:5.  Төрешілер жеңісті бірауыздан Жайнаның қарсыласына берді.  </span>

<span>Жайна Шекербекова Қазақстан қоржынына екінші медальды салды. Бұған дейін 60 келідегі Карина Ибрагимова қола жүлдегер атанған болатын. </span>

<span>Еске сала кетейік, Жайна Шекербекова – 51 келіде 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или