Шекербекова әлем чемпионатының финалына шықты
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Жайна Шекербекова әлем чемпионатының финалына өтті деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
51 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз жартылай финалда жапониялық Цукими Намикиден 5:0 есебімен басым түсті.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстан қоржынына әлемдік сындағы алғашқы медаль түсті. 60 келідегі Карина Ибрагимова қола жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или