Екі боксшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады
Бүгін Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері басталады. Еліміздің атынан Карина Ибрагимова өнер көрсетеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Біздің спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатыр. Финалға шығу жолдамасын ирландиялық Келли Харрингтонмен таласады.
Кездесу кешкі сессия аясында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 16.30-да. Ибрагимова - Харрингтон шаршы алаңға алтыншы жұп ретінде шығады.
Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір отандасымыз жартылай финалда бағын сынап көреді. Жайна Шекербекова ертеңгі кешкі сессияда өнер көрсетеді. Басталуы сағат 16:30-да.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или