Абылайхан Жүсіпов: Токио туралы айтуға әлі ерте

Абылайхан Жүсіпов: Токио туралы айтуға әлі ерте

Күні кеше Ақтау қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 10 салмақ дәрежесі бойынша еліміздің барлық өңірінен қатысқан былғары қолғап шеберлері сынға түсіп, өзара мықтыны анықтаған. Осыған орай, 69 келідегі Қазақстан чемпионы Абылайхан Жүсіповпен жедел сұхбаттасқан болатынбыз.

– Биылғы Президент кубогының финалында Асланбекпен жолың түйісті, бірақ кездесуге шықпадың. Осы жолы олқылықтың орны толғандай болды. Жалпы, Шымбергенов сенің көзқарасыңда қандай боксшы?

– Асланбек әлеуеті жоғары, тәжірибелі боксшы. 69 келіде екі дүркін ел чемпионы. Сондықтан оны осал деуге болмайды. Жазда өткен Президент кубогының финалында жарақат салдарынан жұдырықтаса алмадым. Нәтижесінде жеңімпаз атанған Асланбек Азия ойындарына аттанды.

– Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындарында спаррингке шыққан боларсыңдар. Ол кездері басымдық көбіне кімде болушы еді?

– Біз спаррингте де өте сирек кездестік. Себебі ол «Астана арландарының» сапында жүргенд. Ал жаттығу барысында толығымен ашылмадық деп ойлаймын. Негізгі қарсылас болғандықтан көбіне жұмбақ күйде жүрдік.

– Алда көптеген жарыстар бар. Екеуара бәсеке әлі де жалғасары анық...

- Әлбетте! Мен чемпионат жеңімпазы болғаныммен, бұл Олимпиадаға бірден апаратын жолдама емес. Әрі дәл қазір «Жүсіповті Олимпиадаға апарамыз» деп ешкім де кесіп айта алмайды. Сондықтан, Токио туралы айтуға әлі ерте. Өйткені ішкі біріншілікте менің лайықты бәсекелестерім жеткілікті. Үнемі үздік екеніңді дәлелдеп отырмасаң, құрамадағы негізгі орныңды жоғалтып аласың.

Әңгімелескен Жанкелді ҚАРЖАН, Ақтау қаласы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или