Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Нью-Дели қаласында (Үндістан) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының екі спортшысы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карина Ибрагимова қытайлық Венлю Янгты, Жайна Шекербекова польшалық Сандра Драбикті ұтты.

Екі спортшымыз әлем чемпионатының жартылай финалында сынға түседі. 

Өкінішке қарай, 64 келідегі Милана Сафронова мен аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева жарысты ширек финалда аяқтады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или