GGG промоутері «Канеломен» үшінші жекпе-жек туралы айтты
Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Біз Головкин үшін жақсы мәміле жасауға әрекет етіп жүрміз. Мен оны әлі күнге чемпион деп санаймын, өйткені екінші кездесуде жеңілмегенін сеземін.
Головкиннің «Канеломен» үшінші мәрте жұдырықтаспауына ешқандай себеп жоқ. Үшінші жекпе-жек үлкен қызығушылық туғызады деп ойлаймын. Біздің тарап жекпе-жектің өткенін қалайды», - деді Леффлер The Ring-ке берген сұхбатында.
Том Леффлер Головкиннің жаттығу лагеріне қаңтар айында оралатынын, ал кезекті жекпе-жегі наурыз немесе мамыр айында өтетінін айтты.
Айта кетейік, «Канеломен» өткен екінші жекпе-жекте Головкин жеңілді және биылғы ең соңғы кездесуі болды. GGG тікелей реванш сұрады, бірақ WBC рұқсат бермеді.