Джарретт Херд GGG-мен жұдырықтаспақ
WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джарретт Херд BoxingScene басылымына берген сұхбатында жоспары туралы айтты.
«Мен орта салмақтағы кез келген боксшыны талқандаймын. Жеңіске деген ерік-жігерім күшті, - деді Херд.
Бірақ, менің ойымша, Головкинмен кездесу өткізу қиынырақ болады. (...) Физикалық тұрғыдан қарағанда Головкин "Канелоға" қарағанда мықтырақ», - дейді Джарретт Херд.
Айта кетейік, Херд 1 желтоқсанда ұлыбританиялық Джейсон Уэлборнмен жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или