Шекербекова мен Сафронова ширекфиналға жолдама алды
Бокстан Үндістанда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алған боксшыларымыздың саны төртке жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
51 келідегі Жайна Шекербекова колумбиялық Валенсия Викториямен кездескен болатын. Аса тартысты өткен жекпе-жекте біздің спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ, 64 келідегі Милана Сафронова да ширек финалда жұдырықтасады. Ол германиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.
Еске сала кетейік, кеше Ләззат Күнгейбаева мен Карина Ибрагимова қарсыластарынан басым түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или