Бокстан Қазақстан чемпионатының ақтық сынында кімдер кездеседі?
Бүгін Ақтауда бокстан Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетеді. Бір аптадан бері шаршы алаңда атой салған 300-гу жуық боксшының ішінен 20 үздік алға суырылып шықты.
Olympic.kz бокстан Қазақстан біріншілігінің финалдық жұптарын назарларыңызға ұсынады. Ақтық сын бүгін өтетінін хабарлаймыз.
49 келі
Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) - Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)
52 келі
Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы) – Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)
56 келі
Қайрат Ерәлиев (Түркістан облысы) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)
60 келі
Зәкір Сафиуллин (Шымкент) – Саматәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)
64 келі
Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) – Санатәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)
69 келі
Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) – Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)
75 келі
Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) - Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)
81 келі
Бек Нұрмағамбет (Түркістан облысы) – Михаил Коханчик (Қостанай облысы)
91 келі
Василий Левит (Астана) - Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы)
+ 91 келі
Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы) – Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы)