Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 4-ші орында тұр

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан соң 4-ші орында тұр

Мәскеуде өтіп жатқан "Ростелеком" кубогінде қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева бақ сынауда. Біздің спортшы қысқа бағдарламадан соң 4-ші сатыда.

Қысқа бағдарламадан соң әлем рекордын жаңартқан Алина Загитова алда келеді. Ол 80.78 ұпай жинады.

Екінші орында тағы бір ресейлік спортшы Софья Самодурова. Оның еншісінде 67.40 ұпай бар. Үздік үштікті 63.43 ұпаймен швейцариялық Алексия Паганинин қорытындылап тұр.

61.73 ұпай жинаған Элизабет Тұрсынбаева әзірге төртінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или