Головкин: «Арманым - Мейвезермен жұдырықтасу»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Орта салмақтағы WBA мен IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемнің ең мықты боксшысы американдық Флойд Мейвезермен шаршы алаңға шыққысы келетінін жеткізді, бұл туралы BoxingNews24.com сайты хабарлайды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Головкин болашақта жекпе-жек өтуі мүмкін екенін мәлім етті. «Мейвезермен жұдырықтасу - менің арманым. Болашақта кездесуіміз мүмкін. Екеуіміздің екі түрлі телеарнамен кесімшарт жасасқанымыз кедергі болуы ықтимал. Мен НВО-да, ол Шоутаймда жұдырықтасады. Дегенмен, промоутерім шешім табуға болатынын айтты», - деді қазақстандық боксшы «On the Ropes Boxing Radio» берген сұхбатында.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или