Сабыров пен Ахмедов мексикалық тәжірибелі боксшылармен кездеседі
24 қараша күні Канаданың Квебек провинциясында өтетін бокс кешінде әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық екі боксшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Бұл жекпе-жектер жайлы ақпарат BoxRec сайтының күнтізбесіне ілінген.
Бір айта кетерлігі, бздің боксшылардың екеуінің де қарсыласы Мексика елінің спортшылары.
Супер орта салмақтағы Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) 36 жастағы аса тәжірибелі боксшы Rocky Montoya-мен (32-2-0, 22 KO) жұдырықтасады. Кездесу 8 раундқа жоспарланып отыр.
Ал бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) Жозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 KO) кездеседі. Бұл жекпе-жек 6 раундқа жоспаранған.