Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріледі

Бекзат Саттарханов туралы сериал түсіріледі

2019 жылы белгілі боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырналық телесериал жарық көреді, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>Бұл туралы «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.</span>

<span>«Саттарханов туралы фильм екі тілде дыбысталмақ. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіріледі. Қазіргі таңда марқұм болған боксшының ата-атасы және бапкерлері арасында келіссөздер болып жатыр. Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов өз қолына алмақ», — дейді Айдос Тұрысбек.<br />⠀<br />Продюсер фильмнің көп бөлігі боксшының туған жері - Түркістан қаласында түсірілетінін және келер жылы жарыққа шығатынын айтты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или