Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды
Рио-де-Жанейро Олимпиада боксшысы Данияр Елеусінов<span> </span>(4-0, 2 КО) 24 қарашада кәсіпөой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшының қарсыласы - никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО). Жекпе-жек Монте-Карлода (Монако) өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренасында америкалық боксшы Мэтт Доэртимен (8-6-1, 4 КО) кездесіп, жерлесіміз қарсыласын бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңген болатын.
4-0 Daniyar Yeleussinov fights 16-2-2 Marcos Mojica in Monte-Carlo on Nov 24! pic.twitter.com/Mb6BqY4MwV
— Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) 13 ноября 2018 г.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или