Серік Сәпиев ауыл мектебінде сабақ беріп жүр

Серік Сәпиев ауыл мектебінде сабақ беріп жүр

Олимпиада ойындарының чемпионы, Мәжіліс депутаты Серік Сәпиев жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінен ашық сабақ өткізді. Жібек жолы ауылы мектебіндегі шара «Болашақ» қауымдастығының «English for Jastar» жобасы аясында ұйымдастырылған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы мәлім етті.

Серік Сәпиевтің алғашқы ашық сабағы оқушылар үшін тосын сый болды. Олимпиада чемпионы ағылшын тілінде мотивациялық презентация жасап, өз жетістіктерімен бөлісті. Балалардың сұрақтарына жауап берді. Әрине, әйгілі спортшымен өткізген сабақтың әсері бөлек.  

Жобаның негізгі мақсаты-ауылдық аймақтардағы балаларға ағылшын тілін қолжетімді ету. «Мен тұрақты спорт сабақтарын беріп жатырмын. Осы ағылшын сабақтарын бірінші рет өткіздім. Кішкене қиын болды. Мүмкін тағы бір-екі сабақ өткіземін... «Болашақ» бағдарламасы қандай аймақтар таңдайды, соған барамыз», - дейді Сәпиев.

Айта кетейік, «English for Jastar» жобасы қыркүйек айынан бастап 14 облыстың 84 ауылдық мектебінде жұмыс істеп жатыр. Коучерлердің басым бөлігі - «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен шетелден келген мамандар. Ашық сабақтар оқушылардың негізгі кестесіне қосымша ретінде жүреді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или