Элизабет Тұрсынбаева Ресейдегі «Ростелеком» кубогында бақ сынайды

Элизабет Тұрсынбаева Ресейдегі «Ростелеком» кубогында бақ сынайды

Мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева 16-18 қараша күндері Ресейде өтетін «Ростелеком» кубогына қатысады, деп жазады Olympic.kz. 

Гран-при санатындағы турнирге әлемнің үздік спортшылары қатыспақ. 

Атап айтар болсақ, Алина Загитова, Вакаба Хигучи, Грейси Голд, Юра Мацуда сынды мәнерлеп сырғанаушылар Элизабетке басты қарсылас атанады. 

Жаңа маусымды жаңа бапкермен бастаған Тұрсынбаева Skate Canada турнирінде үздік алтылыққа енген болатын. 

Біздің спортшы бұл күндері Ресейде, танымал бапкер Этери Тутберидзенің қол астында жаттығуда. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или