Сыбаев: Әділбек - шоқтығы биік боксшы
Олимпиада мен әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтың бокстан кеткені жайлы оның бұрынғы командаласы Рустам Сыбаев Prosports.kz сайтына пікірін білдірді.
"Әділбекпен талай жылдар бойы бірге оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға қатыстық. Құрама сапындағы достарымның бірі болды. Ниязымбетов барлық үлкен додадан медаль алған боксшы, арманына жеткен азамат. Енді алдағы уақытта жұдырықтаспаса да, бокстың айналасында жүреді деп ойлаймын",-деді Р.Сыбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или