Қазақстандық теннисші жұптық сында Лимож турнирінің жеңімпазы атанды
<span>Қазақстандық Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Лимож (Франция) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.</span>
<span> Г.Воскобоева мен В.Кудерметова осы турнирдің үшінші, ал олардың финалдағы қарсыласы, ресейлік Вера Звонарева мен швейцариялық Тимя Бачински екінші ракеткасы болып тіркелген еді. </span>
<span>Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда 7:5 есебімен жеңіске жетті. Олар екінші сетте де брейк жасап, басымдылықтарын көрсете білді - 6:4. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. Лимож турнирінде жекелей сында отандасы Евгения Родинаны жеңген ресейлік Екатерина Александрова жеңімпаз атанды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или