Боб Арум: Головкинге Альвареспен емес, Рамиреспен кездескен жөн
Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арумның пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы ойынан бас тартқан дұрыс.
Арум қазақстандық боксшыға Канелоның орнына мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасуды ұсынды.
«Сөзсіз, Альварес мықты боксшы саналады. Бірақ, меніңше, Головкин үшін дұрыс шешім - Рамиреспен жұдырықтасу. Хиральдо үшін Джесси Хартқа қарсы ауыр реванш болады, егер ол жеңіске жетсе, Головкин екеуінің жекпе-жегін көргім келеді», - деді Арум.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или