Қасымов марқұм Денис Тенді марапаттады
ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың үкімімен автоұрылар қолынан қаза тапқан Денис Тенге қоғамдық тәртіпке белсенді атсалысқаны үшін қазасынан соң медальмен марапаттады.
Марапаттау рәсімі мәнерлеп сырғанаушы борышын өтеген Ұлттық ұлан әскери бөлімшесінде өтті. Спортшының ата-анасына медальды ҚР Ұлттық ұланның Бас қолбасшы орынбасары Мұхаметқали Сатов табыстады.
«Әскери және қызметтік борышын үлгілі өтегені үшін, қоғамдық тәртіпке белсенді атсалысқаны үшін, сондай-ақ экстремалды жағдайда ерлік көрсеткені үшін лейтенант Денис Тен ішкі істер министрінің 2018 жылы 23 тамыздағы бұйрығымен қазасынан кейін «Қоғамдық тәртіпке үлес қосу» медалімен марапатталды», – делінген ҚР Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік басқару баспасөз қызметінің хабарламасында.

2011-2012 жылдары Денис Алматыдағы 7252 әскери бөлімшесінде шұғыл әскери борышын өтеді. Бастапқыда ол физикалық дайындық аға нұсқаушысы қызметінде болды және «кіші сержант» атағын алды.
Ол Қазақстан қоржынына Олимпиаданың қола жүлдесін салғанда офицер деңгейіне дейін көтерілді.