Эдди Хирн: Головкин келесі жылы Альвареспен жұдырықтасуы ықтимал
Танымал промоутер Эдди Хирн Головкин - Альварес үшінші жекпе-жегін ұйымдастыруға үмітте екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Эдди Хирннің айтуынша, Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стримингтік қызметімен келісімге келсе, Сауль Альвареспен (50-1-2, 34КО) үшінші жекпе-жекке шыға алады. </span>
<span>«Егер Головкин үшінші жекпе-жекті қаласа, онда DAZN-мен келісімшартқа отыруы керек. Жақында, Альварес бізбен алдағы 11 кездесуге келісім жасасты. Головкин жанкүйерлердің құрметіне лайық боксшы, өзі екінші жекпе-жекте жеңіске жеттім деп санайды. Менің ойымша, ол DAZN-мен келісім жасасып, келер жылы наурыз-мамыр айында Алвареспен жұдырықтасуы керек. Себебі, бұл екі боксшы үшін өте маңызды, мен оның болғанын қалаймын»,- деді Эдди Хирн. </span>
<span>Айта кетейік, HBO телеарнасымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Алварес DAZN стримингтік қызметімен жалпы құны 365 миллион долларға жететін келісім жасады. Ал қазақстандық боксшыға Showtime және ESPN телеарналары қызығушылық танытып отыр.</span>