Деметриус Канело мен Головкинді нысанаға алды
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Эндрэд (26-0, 16 КО) қаңтарда өз еркімен белбеуін қорғауға шығып, кейіннен Альварес немесе Головкинмен жұдырықтасқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe.com сайтына сілтеме жасап.
<span>«Біз Канелоны жекпе-жекке бірнеше рет шақырдық. Көбі онымен ақша үшін шаршы алаңға шығады, ал біз мексикандықты құлатқымыз келеді. Канело Деметриуспен кездескісі келмеді, енді оны мәжбүрлікпен жекпе-жекке шығаруымыз керек. Головкинмен де рингке шыққымыз келді, бірақ ол Мартиросиянды таңдады. Біз Канеломен де, Геннадиймен де жұдырықтасқымыз келеді», - деді боксшының әкесі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или