Головкиннің болашақ қарсыластары неге жеңіліп қала береді
Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) кәсіби мансабында алғаш рет мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін келесі айқасына қарсылас іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Отандасымыздың болашақ қарсыластарының арасында жапондық Риото Мурата мен ирландық Гэри О'Салливан бар еді.</span>
<span>GGG командасы қарамағындағы боксшыға әлсіз қарсылас іздеп жүр ме? Бұл сауалымызға ҚР Кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко жауап берді.</span>
<span>«Бұл әлсіз қарсылас іздеп жатыр деген сөз емес. Көп боксшы GGG-мен жұдырықтасқысы келмейді, себебі ешкім жеңілуді қаламайды. Мурата Токиодағы ел-жұртының алдында өзін көрсеткісі келді, бірақ ол Головкинге лайық қарсылас емес. «Канело» да, GGG де қазір лайықты қарсылас қарастырып жатыр», - деп есептейді маман. </span>