Головкиннің телефон нөмірін таппай қалдың ба? - 50 Cent
<span>Бокс саласында промутер ретінде жұмыс істеп көрген танымал америкалық рэпер 50 Cent 31 желтоқсанда жапонның ММА жұлдызы Тенсин Насукавомен жекпе-жекке шығатын Флойд Мейвезерді (50-0, 27 КО) мазақ етті. Бұл туралы Sportbox.ru тілшісі хабарлайды. </span>
<span>50 Cent-тің ойынша, Майвезерге қарсылас ретінде ең ұтымды шешім орта салмақ жұлдыздары - әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жәнемексикалық "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО). </span>
<span>"Чемпион такси жүргізушісімен жұдырықтаспақшы. Орнына маған төлеңіздер, кейін YouTube хостингіне жариялап қоямын. Флойд, Головкиннің телефон нөмірін таба алмайтындай не болыпты? Чемпион цирк әртісіне айналды", - деген 50 Cent.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или