Головкин IBF рейтингісінде ТОП-10 тізімінен шығып қалды

Головкин IBF рейтингісінде ТОП-10 тізімінен шығып қалды

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF рейтингісінде ТОП-10 тізімінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы IBF (ХБФ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазанда америкалық Дэниел Джейкобс украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңіп, IBF чемпионы атанған болатын. Бұл жеңіс IBF рейтингісінде өзгерістерге әкелді. 

Алайда, рейтингтегі №1 орын әзірге бос тұр. Екінші орынға эквадорлық Джек Кулькай жайғасса, үшінші орынды британдық Мартин Мюррей иемденген. Деревянченко төртінші, канадалық Давид Лемье алтыншы, жапониялық Риота Мурата жетінші орында.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин үздік ондықтан шығып, Роберт Бранттан кейін 11-ші орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или