ITF Futures турнирінің жұптық сайысында Аяп Сағадат жеңіске жетті

ITF Futures турнирінің жұптық сайысында Аяп Сағадат жеңіске жетті

<span>Қазақстандық теннисші Аяп Сағадат Шарм-ел-Шейхте өткен ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың доллар.</span>

<span>Турнирдің финалында Аяп португалиялық Франциско Диаспен бірге ресейлік спортшылар Александр Гошин мен Шалва Джанашияны 7:6(4), 4:6, 10:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда Аяп пен Диас ресей-украина дуэті Антон Чехов пен Владислав Орловқа қарсы шықты, есеп 7:6(8),6:4.</span>

<span> Ширек финалда Аяп пен Диас аустралиялық Лауренс Баталжин мен бахрейндік Әли Дашаниді жеңген еді. Олар жарыстың а</span><span>лғашқы айналымында украиналық Анатолий Петренко мен ресейлік Ян Сабанинді ұтты. Аяп Қостанайдың тумасы, ол әлемдік рейтингте 637-орында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или