Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі

Бокстан Үндістанда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстанның намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды.

Қазақстан құрамына енген боксшы қыздар: Қасенаева Айгерім (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (57 кг), Карина Ибрагимова (60 кг), Милана Сафронова (64 кг), Аида Ондаш (75 кг), Фариза Шолтай (81 кг) және Ляззат Кунгейбаева (81 келіден жоғары).

75 келіде ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген Дариға Шәкімова жаттығу кезінде жарақат алып қалған. Сонымен қатар, биыл Азия ойындарына қатысқан Назым Қызайбай, Сания Сұлтанқызы мен Римма Волосенко бапкерлік штабтың шешімімен әлем чемпионатына қатыспайтын болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или