Герасименко әлемдік ITTF рейтингісінде екі сатыға жоғарылады

Герасименко әлемдік ITTF рейтингісінде екі сатыға жоғарылады

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) қараша айына арналған ағымдағы әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімде қазақстандық спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко 35-ші орыннан 33-ші орынға көтерілді.

Бүгінгі таңда бұл әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткіш. 

Қазіргі уақытта Герасименко Австрияда. Онда 8-11 қараша күндері Austrian Open халықаралық турнирі басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или