Америкалық сарапшы Головкиннің еңбекқорлығына тамсанды

Америкалық сарапшы Головкиннің еңбекқорлығына тамсанды

Boxingscene.com сайтының тілшісі Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің оған неліктен ұнайтыны туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеп.

<span>«Маған оның іс-әрекеттері стилі, қалай соққы жасайтыны ұнайды. Мен онымен кездесіп, оның жаттығу лагерінде де болғанмын. Маған оның қандай жаттығу болса да ауырсынбайтыны, төзімділігі ұнайды. Оның жасы 36-да, соған қарамастан ол VADA-ның бағдарламасынан тыс қалғысы келмейді. Ал өзге боксшылар мәжбүрлемесең өз еркімен бұл бағдарламаға оңайлықпен қатыспайды. GGG алаяқтар жайлаған заманда таза қалпын сақтап қалды», - деп жазады автор.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или