Baku Fires бас бапкері: «Біз қазақтарға қарағанда мықтымыз»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Baku Fires клубының бас бапкері Нурипаша Талыбов бакулік боксшылар WSB-нің қазіргі чемпионы Astana Arlans өрендерінен мықты екендігін айтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Біздің келесі қарсыласымыз - Astana Arlans. Мен Магомедрасул Меджидовтің көмегін қолданар едім, бірақ ол қазір дайын емес. Арсланбек Махмудовқа келетін болсақ, ол жаттығу кезінде жарақаттанып қалды. Команда енді Гаджи Муртузалиевтің күшіне сенім артады. Сонымен қатар шаршы алаңға Эльвин Мамишзаде, Альберт Селимов, Магомед Нуриддинов пен Рамазан Магомедов шығады. Біз қазақтарға қарағанда мықтымыз, бұл кездесуде жеңіске жетеміз деген сенімдемін», - деді бакулік команданың бас бапкері.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или